фонетика шпор

1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір іріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.

Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба

Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек. 1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды. 2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады. 3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.

Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы — ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у да жеке дыбыс бола алады.

Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады.

Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазак тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42.

Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.

2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.

Экспериментті фонетика – сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу.

Экспериментті-фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырады: 1) акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады. 2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс әдіс дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысатынын, оның артикуляциялық ерекшеліктерін қарастырады. Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың түріне қарай іштей бірнеше топқа бөлінеді.

Акустикалық әдіс: кимографтық әдіс, осциллографтық әдіс, спектрографтық әдіс.

Соматикалық әдіс: палатографтық әдіс, рендгенографтық әдіс, кинофотоға түсіру әдіс.

«Үйлестікке» тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы «үйлестіктің» маңызын ашыңыз.

Үйлестік – ассимиляция ( латынша аss іmіlat іv – ұқсау ) – морфемалардың жігінде

көрші келген дауыссыздардың акустика -артикуляциялық жақтан біріне -бірінің ұқсауы , бейімделуі , өзара тіл табысуы . Басқаша айтқанда ‚ дауыссыздардың өзара үндесуі . Бұлар да бірін -бірі дауыстың қатысы (ат -ты , ат -қа, қа-ғаз -ға, қар -ға, қан -ды ) жəне артикуляциясы жағынан игеріп тұрады . Соңғыға мысалы : қаңға ( қан -ға), башшы ( басшы ), жамбады ( жан -бады ), қаммен ( қан -мен ) т.б. Дауыссыз дыбыстардың бір -біріне ықпалын үшке бөліп қараған жөн. 1. Ілгерінді ықпал ( прогресті ассимиляция ). 2. Кейінді ықпал ( регресті ассимиляция ). 3. Тоғыспалы

Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляцпя жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивтік ассимиляция дейміз. Кей авторлар жуан түбірге қосымшаның жуан түрде, жіңішке түбірге қосымшаның жіңішке түрде жалғануын да прогрессивтік ассимиляцияға жатқызады. Буынның (сөздің) жуан-жіңішкелі келуі дауыстыларға байланысты. Мәселен: су + лар + ымыз + ға, жер + лер + іміз + ге деген сөздердің алғашқысы жуан, кейінгісі жіңішке естілуі тиісінше жуан, жіңішке дауыстыларға байланысып тұр; осындағы алғашқы дауыстылар кейінгілерді игеріп тұрғандығы даусыз. Бұл тәрізді құбылысты үндестік заңы (сингармонизм) категориясына жатқыза тексеру мақұл.

Сипгармонизм категориясы дауысты мен дауыстының қарым-қатысын тексереді де, ассимиляция категориясы дауыссыз бен дауыссыздың (кейде дауысты мен дауыссыздың) қарым-қатысын тексереді.

Прогрессивтік ассимиляция: бір сөз көлемінде де (негізгі сез бен қосымша аралығында), екі сөз көлемінде де, біріккен сөз, қоссөз (бірігіп немесе сызықша арқылы жазылатын сөздер) көлемінде де, не болмаса бірнеше сөз көлемінде де, негізгі сөз бен кәмекші сөз аралығында да ұшырай береді.

Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивтік ассимиляция дейміз. Регрессивтік ассимиляция прогрессивтік ассимиляция тәрізді бір сөз көлемінде де, екі сөз көлемінде де ұшырай береді.

Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижеснде екеуінің де алмасуға ұшырауын тағыспалы ассимиляция дейміз.

Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

Транслитерация (лат. Trans арқылы, littera әріп) – бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудың әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды басқа бір әліпбиге ауыстыру. Транслитерацияның ғылыми және практикалық екі түрі бар деп қарастырылған.Бұл әсіресе аударуға, өзгертуге болмайтын жалқы есімдерді жазуға қажет.Ғылыми транслитерация транслитерацияланған таңбалардың жүз пайыздық кері аударылуын қамтамасыз ететін транслитерациялық жазбалар мен түпнұсқаның графемалары арасындағы өзара бірмағыналы сәйкестік принципіне құрылады. Мысалы, орыс кириллицасының латын әріптеріне негізделген ғылыми транслитерациясында орыстың е және э немесе и және й әріптерінің түрліше берілуін қамтамасыз етеді. Халықаралық библиографияда қолданылып жүрген кириллицаның ғылыми транслитерациясы да дәл осы жолмен құрылады

Практикалық транслитерация ғылыми транслитерациядан қабылдаушы тілдің әліпбиі жүйесіндегі дәстүрлі таңбалар репертуарымен шектелетіндігімен ерекшеленеді. Бұл жүйеде, бірнеше жағдайларда, орыс әріптерін оның ішінде е және э (=e), и және й (=i) әріптерін бір таңбамен береді. Осылайша ол толықтай кері аударылуға кепілдік бере алмайды. Мысалы, tvoi екі формадағы твои және твой дегендерге сәйкес келеді

К.Аханов: «Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. Бір тілдің алфавит құрамы екінші тілдің алфавит құрамына сай келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда транслитерацияны қолдану кейбір қиындықтарға соқтырады.»

Графика тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді.Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті одан да көп дыбысты бейнелейді.

Дыбыс пен оның таңбасы, сөздің айтылуы мен жазылуы бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу- транскрипция (лат.-көшіру) қолданылады.Транскрипцияның екі түрі жиі қолданылады: фонемалық және фонетикалық.Мұның алғашқысы дыбысты айтылуына жуықтатуды, екіншісінде дәл беруді мақсат етеді.Біздің жазуымыз –фонемалық жазу.қазіргі практикалық жазуда қолданылып жүрген ә, о, ө, ұ, ү, й, л, м, ң, р, т әріптері ғана фонемалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамай, өз бейнесін үнемі сақтап тұрады.Өлең, өнер, құлын, түлкі сөздерінің транскрипциясы- өлөң, өнөр, құлұн, түлкү.Фонетикалық транскрип дыбысты неғұрлым дәл беруді мақсат етеді..

Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.

Диссимиляция (лат. dissimilatio — ұқсамау) — дыбыстардың комбинаторлық өзгерістердің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір бірінмен үндесі ұқсап тұратын болса ,диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни Диссимиляция бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.Олар бірімен бірі қатар және араға басқа дыбыстар салып тұруы мүмкін. Бұл әдеби тілде өте сирек кездеседі, көбіне нормаланбағын, яғни диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде кездеседі. Диссимиляция прогрессивті және регрессивті болады. Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөзін бонба, транвай түрінде айту ұшырайды. Яғни б-мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы «аласталып», ионың орнын тіл алды н алады. Сонымен қоса коридорды колидор түрінде айту да бар. Бұлар регрессивті диссимиляция. Ал февральды феврарь түрінде айту прогрессивті диссимиляцияға жатады. К.Аханов «шығу төркінінде молла (араб сөзі) түрінде дыбысталатын сөз, қырғыз, қазақ тілдерінде молда түрінде айтылады. Бұл сөздің құрамындағы үнді л дыбысының ұяң д дыбысына айналуы да диссимиляция құбылысының нәтижесі» деп қарайды. Молда деп айту араб тілі үшін диссимиляция болар еді, ал біздің тіліміз үшін түсініксіз құбылыс емес, табиғи заңдылық болса керек. А.Айғабылов түбір ішінде кездесетін қайталама дыбыстарды атайды. Бұдан гөрі диалектілік айту: маңлай, таңлай, түңлік, қарапайым сөйлеуде кездесетін:айдалайын немесе айланайын (айналайын), балалар тіліндегі қолбақ (қолғап) осы заңға орай жасалған деуге болады. Әсіресе орфоэпияны елемей, сөзді жазылуынша: жанбады ((жамбады), жанған (жаңған),Жанбота(Жамбота), он мың (ом мың), көзсіз (көссіз) түрде бұзып айту диссимиляцияға әрі нақта, әрі мол мысал бола алады.

Бейімдестік және оған тән қасиеттерді түсіндіріңіз. Дауысты мен дауыссыздардың үндесуі (ілгерінді) мен дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуінің (кейінді) тіл мәдениетін сақтаудағы қызметін ашып беріңіз.

Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу)— бір сөз ішінде немесе әртектес буыннан құралған сөздерде іргелес орналасқан дауысты және дауысссыз дыбыстардың, яғни үні мен салдыры әр түрлі фонемалардың, бір-біріне әсер етіп, өзіне ұқсатып айтылуы. Мысалы:

жай, шай, шаш сиякты жуан буынды сөздердін сөйлеу тілінде жәй, шәй, шәш болып жіңішке айтылуы, олардын құрамындағы ж, и, ш тіл алды фонемалары тіл арты жуан а фонемасына ықпал етіп, оны тіл алды жіңішке дыбысқа өзгертіп, өздеріне бейімдеп түр; аянкес, апаеке, атаеке сияқты әр тектес буынды сөздерде де тіл арты а фонемасына іргелес орналаскан й, н, к, с, п дауыссыздары және одан алшақ тұрған жіңішке е фонемасы әсер етіп, оны өздеріне бейімдеп, ол сөздердін жіңішке әйенкес, әпке, атеке сиякты сынарларын жасап тұр. Керісінше, Ботагөз, қарагым, керек екен, қара қазан сияқты сөздерде дауысты дыбыстар дауыссыздарға ықпал етіп, өздеріне бейімдеп тұр.

Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.

Қазіргі қазақ тілінде б,в,г,ғ,д ұяңдарынан басқа дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады және бұларға дауыстылардан басталатын қосымшалар ретіне қарай жалғана береді.Бұған көз жеткізу үшін зат есімдерді тәуелдеп, етістіктерді есімше, әсіресе көсемше формаларында айтып көру жеткілікті:ас(зат есім) ас-ым, ас-ың, ас-ы; ас(етістік) ас-ар, ас-ып, ас-а.Түбір соңындағы дауыссыздардың ішінде келесі морфеманың басында кездесетін дыбыстың сапасына сергек қарайтын үш дыбыс бар.олар қ,к,п.түбір соңындағы қатаң қ,к,п дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда ұяңданып, ғ, г,б дауыссыздарымен алмасады.Олр түбір мен қосымша аралығыда: тарағы, ағып, қабым, көгер, кесегі; сөз бен сөздің аралығында: ағешкі, көгала, жоғекен.

Бір қарағанда бұлжымастай көрінетін осы заңнан ауытқу да ұшырайды.Атап айтқанда:

А)еліктеуіштер: жарқ етті, күңкіл, лап етті

Ә)екінші буынындағы қысаң дауыстылар түсіп қалған жағдайда: үрік: үрк-ер, үрк-е, урк-у.

Б)сын есім тудыратын ы жұрнағы жалғанғанда: қазақы, тозақы

В)фамилияға –ов,-ев,-ова,-ева қосылғанда: Беков, Қазақова.

Дауыстылардың кейінді ықпалынан ұяңдайтын және бір қатаң дауыссыз бар,ол-ш.Оның өзінде бір-ақ сөзде кездеседі: рен-жі(реніш-і).

Сөйлеу тілінде кейбір бунақтың алдыңғы сөзі қысаң дауыстыларға аяқталып, келесі сөз әртүрлі дауыссыздардан басталса, әлгі қысаң дауысты айтуда түсетін де кезі бар: Қажғали-Қажығали, саржолақ-сары жолақ, қозғұйрық—қозы құйрық.Тіпті соңғы буындағы дауыссыздың кейінгі сөздің басындағы дауыссызбен үндесуіне де қысаңдар кедергі келтірмейді: ошшақ-осы жақ, ошшолұ-осы жолы.

Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер (лат. сопsоnans – дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бірізге түсіп болған жоқ.

Қазақ әліпбиіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, ғы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, ұу, шы. Жүйеге жүрмей, үнемі жіңішке айтылатын кі‚ гі зерттеушілердің назарын әр кез өзіне аударып отырған. Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, ғ, к, г) төртеуінің анық естілетінін айтады.3 А. Байтұрсынов алғашқы “Тіл құралында: “Қ һәм ғ дыбыстары һеш уақытта жіңішкермейді. К һәм г дыбыстар һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады”, – десе, осы ойынан кейін де айныған жоқ.Б‚ п фонемалары астыңғы еріннің ‰стіңгі ерінге нық тиіп‚ тез ажырап кетуінен жасалады. Яғни қос ерін‚ шұғыл. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы дауыс алғашқысына (б) аздап қатысады (ұяң) да‚ екіншісіне (п) қатыспайды (қатаң). Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар. Атап айтқанда‚ б фонемасы сөздің басында ‚ ортасында актив қолданылады да‚ сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб‚ гардероб‚ куб‚ клуб‚ ромб‚ прораб‚ штаб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа‚ клубқа‚ штабпен‚ штабсыз) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын сөздердің дені кірме болып келеді. Сөз басында б мен п айтуда‚ тіпті жазуда да кейде жарысып жүреді: байым – пайым‚ балуан – палуан‚ т.бАртикуляциялық, жақтан ұқсастығының арқасында б, п және м фонемалары қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады. Мысалы: -бын //-пын//-мын, -мыз//-быз//-пыз, мен//-бен//-пен, -ма//- ба//– па т. б. Сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыбыстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: Ақпала (ақ бала), Сәтпай (сәтбай), т.б. Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып (тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп), сеуіп (сеп-іп).

Т, д фонемаларын айтқанда тілдің ұшы (немесе алды) үстіңгі күрек тіске жабысып, ауа жолын бөгейді де, тез ажырайды. Екеуі де тіл алды, шұғыл; т – қатаң, д – ұяң. Т сөздің барлық шенінде айтыла да, жазыла да береді. Д фонемасы сөздің басында ‚ арасында қолданылады. Жазуда сөздің соңында кездескенімен (аккорд‚ анод‚ катод‚ взвод‚ велосипед‚ вклад‚ абжад‚ жад‚ кислород‚ карбид‚ рекорд)‚ айтуда т болады да‚ қосымша қатаңнан басталады. Қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында да бұл екі фонема бірін-бірі алмастырып отырады. -дың // -тың‚ -да // -та‚ -дан // -тан‚ -дай // -тай. Т – өзге дыбыстардың ықпалынан алмасуға ұшырамайтын (ұяңданбайтын) қатаң дыбыс. Д олай емес. Бунаққа енген сөздің алдыңғысы с‚ т‚ ш қатаңдарына аяқталып‚ келесі сөз д ұяңынан басталса‚ онда д қатаңданып‚ т-ға жуықтап айтылады. Оған көз жеткізу үшін доп‚ дос‚ дәптер‚ дөңгелек сөздерін үш‚ төрт‚ бес сан есімдерімен айтып көру жеткілікті.

С‚ з фонемаларын айтқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп‚ ортасы аздап ой түседі. Ауа осы тесік арқылы өтіп‚ үстіңгі күрек тістердің арасынан сүзіліп шығады. Бұл екеуі де сөздің барлық позициясында айтылады. с әлдеқайда белсенді. С-ның бір ерекшелігі сөз соңындағы дауыссызды жатырқамайды:ал-са‚ қара-са‚ жаз-са‚ жар-са‚ жау-са т.б. Ұяң з орыс тілінде сөз соңында жазылғанмен‚ с болып айтылуы орфоэпиялық норма болып есептеледі. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздердің соңындағы з айтылып: газ‚ гипноз‚ карниз‚ катализ‚ заказ‚ колхоз‚ майонез‚ протез‚ қосымша ұяңнан басталады: газға‚ газды‚ совхозда‚ совхозбен‚ шлюзге. Сөз ішінде с өзімен іргелес ш‚ ж дыбыстарының әсерінен ш болып ашшы (асшы)‚ шешше (шеш-се)‚ бешшелек (бес шелек)‚ бешшыл (бес жыл); ал з өзінен кейінгі с‚ ш‚ ж фонемаларының әсерінен с‚ ш‚ ж болып: жасса (жазса)‚ ташша (тазша)‚ жашшы (жазшы) айтылады. Сондай-ақ т дыбысынан кейін келген с ц-ға жуықтап айтылады: кетце (кетсе)‚ атца (атса)‚ өтцө (өтсе)‚ батца (батса)‚ ұтца (ұтса)‚ т.б.

Ш‚ ж фонемаларын айтқанда тілдің ұшы аздап ( с‚ з-ны айтқандағыдай) көтеріледі де‚ екі бүйірі жоғарғы тістерге тіреліп‚ тілдің үстіңгі жағы екі жерден таңдайға жуықтайды.Сондықтан бұлар қос фокусты дауыссыздар делінеді. Өзімен қатар келген қатаң с-ны өзіне ұқсатуына негізгі себеп осы ерекшелігі. Мыс.‚ ашша (асша‚ ашса)‚ қашша (қашса). Ш бір-ақ сөзде ұяңданады: ренжі (реніш-і). Т дыбысынан соң ш да‚ ж да ч-ға жуықтап айтылады: кетчі (кетші)‚ атчы (атшы). Бұл екі фонема сөздің барлық деңгейінде (позициясында) айтылады‚ тек ж сөз соңында аз кездеседі

К г фонемалары тілдің артқы шенінің таңдайға тіреліп‚ тез ажырап кетуінен жасалады. Қатаң к дауыссызы сөздің барлық шенінде қолданылады‚ ал ұяң г-ден басталатын сөздер сөз басында аз ұшырайды ‚ сөз ортасында актив кездеседі де‚ соңында м‰лде айтылмайды. Орыс тілінен енген сөздердің соңында г жазылғанмен (аншлаг‚ биолог‚ варяг‚ геолог‚ гонг‚ диалог‚ идеолог‚ монолог‚ педагог‚ округ‚ саркофаг‚ универмаг) айтуда к болады да‚ жалғанатын қосымша қатаңнан (педагогқа‚ педагогты‚ педагогпен) басталады.Қазақ тілінің байырғы сөздерінде бұл екі фонема (к‚ г) тек жіңішке дауыстылармен ғана қатар тұра алады (жоғарыда айтылды). Алайда қазіргі орфографиямыз мұны ара-тұра елемей: гауһар‚ кастрөл‚ аллауакбар‚ хакім‚ хикая‚ тәкаппар‚ кәнизагы‚ бундестагы‚ бурлагы‚ варягы‚ верстагы‚ галстугы деп‚ га‚ ка‚ ак‚ жазуға қосады.

Қ‚ ғ фонемаларының айтылу жолы бірдей емес. Қатаң қ шұғылға‚ ұяң ғ ызыңға жатады. Екеуінің жасалу орны бірдей. Айырмасы тілдің арты жұмсақ таңдайға қ- ны айтқан кезде нық тиіп‚ тез ажырайды да‚ ғ-да жуықтап тұрады. Бұл екі фонема да жуан дауыстылармен ғана айтылады (жоғарыда айтылды). Қ фонемасы – қазақ тіліндегі ең актив фонема‚ көне т‰ркі тілінде де осындай. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді. Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 проценті (8402 сөз) осы дыбыстан басталады. Ал ғ сөз соңында м‰лдем кездеспейді‚ сөз басында 213 кірме сөзде‚ ал сөз ортасында актив ұшырайды. Қ фонемасы к сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ) айтылуға бейім тұрады: қарағой (қара қой)‚ сарғыз (сары қыз)‚ ағала (ақ ала)‚ ағ‰й (ақ ‰й)‚ тарағы (тарақ-ы)‚ құлағы (құлақ-ы).

В және ф фонемалары орыс тілінен енгендігі айтылды.Бұларды айтқан кезде астыңғы ерін ‰стіңгі к‰рек тіске жуысады да‚ араларынан ауа сыздықтап өтеді‚ яғни бұл екеуі де ызың дыбыс. Айырмашылығы в – ұяң‚ ф – қатаң. В сөздің басында ‚ ортасында кездеседі‚ соңында жазылғанмен (актив‚ архив‚ реактив‚ устав‚ Иванов‚ Александров т.б.) қатаң ф болып айтылады да‚ қосымша қатаңнан (архивке‚ архивтен‚ архивте‚ архивпен) басталады. Қатаң ф сөздің барлық позициясында кездеседі. В дыбысының қазақ тіліне тән еместігі‚ байырғы қазақ сөзін в-мен айту дұрыс еместігі айтылды. Ф дыбысы туралы да осыны қайталауға тура келеді. Алайда қазақ орфографиясы бірер сөздің құрамында ф әрпін жазуға қосады: мүфти‚ фәни (фәни жалған)‚ саф (саф алтын). Бұларға қарағанда жалқы есімдерде көбірек жазылып‚ айтылады: Фарида‚ Фариза‚ Фазыл‚ Фаузия‚ Флора.

Х әрпі қазақ топырағына 1938 жылы табанын тіреп‚ орыс сөздерінің құрамында қолданыла келе төл (қ) дыбысымызды тықсыра бастады. Оған себеп бірсыпыра сөздерімізде х әрпі жазылатын болды. Хат‚ хабар‚ хал‚ халық‚ хан‚ хикмет‚ хикая‚ Махмұт‚ сұхбат. Қырқыншы жылдарға дейін жай ғана қ-мен жазылып келген бұлардың дені кірме сөздер. Х (әсіресе сөз басындағы) әріптен дыбысқа айналып‚ аталған сөздердің айтылу өңін өзгертіп жіберді. Бұлғабар‚ соңғұғабар‚ осұғат‚ бұлғат деу ұмытылып‚ жазылуынша айтылатын болды.. Бұл‚ әрине‚ дұрыс емес.

Ц‚ ч фонемалары аффрикат (қосынды) дауыссыздар делінеді. Ц фонемасы т мен с элементтерінің жымдасқан (жай құлаққа олардың жігі сезіле бермейтін) қосындысы болып келеді. Бұл орыс тілінен енген сөздердің басында‚ ортасында мол кездеседі де‚ соңында (абзац‚ эрзац) сирек ұшырайды. Ц үнемі жуан айтылады‚ көрші тұрған дауыстыларды жуандатып тұрады: цех‚ цирк‚ циркуль‚ цитата‚ цитрус‚ цифр. Қазақ тілінде т‚ с дыбыстарының тіркесі тц-ға жуық айтылады: атса‚ кетсе‚ жатса‚ жетсе‚ татса. Ч фонемасы т және ш элементтерінің кірігуінен құралған. Ч африкатымен айтылатын сөздер қазақ тілінде әзірше аз: чек‚ чекист‚ чемодан‚ чертеж‚ мачта‚ путч‚ скетч‚ бұл әсіресе жалқы есімдерде жиірек кездеседі: Чапаев‚ Чехов‚ Чайковский‚ Петрович‚ Чкалов. Ч дыбысын қолдану тілімізде‚ негізінде‚ говорларға тән. Ч көбіне сөздің басында (анлаутта) айтылады: чал (шал)‚ челек (шелек)‚ чебер (шебер)‚ чай (шай). Әдеби тілде тш‚ тж тіркестері осы тч-ға жуық дыбысталады: кетші‚ итше‚ өртше‚ етже.

М фонемасы артикуляциясы жағынан ұяң б-мен ұқсас. Тек м-да дауыс басым‚ ауа мұрын арқылы шығады. Үнемі м сөздің барлық позициясында актив қолданылады және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді. М қосымшада б‚п-мен жұптасады: -мын/ -бын‚ -мен/-бен/-пен‚ -ма/-ба/-па. Н фонемасы тіл алдының үстіңгі күрек тіске нық тиіп‚ тез ажырауынан жасалады. Ауа мұрын қуысы арқылы шығады. Н сөздің барлық деңгейінде ұшырайды. Н өзінен кейінгі көрші п‚ б‚ м еріндіктердің әсерінен м: Жампейіс (Жанпейіс)‚ жамбады (жанбады)‚ қаммен (қанмен) және қ‚ к‚ г-нің әсерінен ң: жаңға (жанға)‚ кеңге (кен-ге)‚ сәңқой (сәнқой) болып айтылады. Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да‚ тез ажырайды‚ ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ң сөз басында мүлдем кездеспейді‚ ал қалған позицияларда актив қолданылады‚ бірақ өзгеріске ұшырамайды. Буын ң-нан бастала береді: жа-ңа‚ әке-ңе‚ ата-ңа‚ ө-ңөш. ө-ңөз т.б.

Л фонемасын айтқанда тілдің ұш жағы үстіңгі күрек тіс пен қызыл иекке тіреледі де‚ орта тұсы ой түсіп‚ арт жағы жұмсақ таңдайға қарай көтеріліп кейін тартылады‚ тілдің екі бүйірі төмен түсіп ауаның өтуіне мүмкіндік береді. Мұны әдетте қос бүйір фонема дейді. Л сөздің орта‚ соңғы позициясында ұшырайды және өзгеріске түспейді. Еліктеуіштер: лап‚ лақ‚ лау‚ лық‚ лып‚ лоқ л-дан басталады. Қазақ тілінде сөз басында л-дың алдынан келетін қысаң ы‚ і дауыстылар орфографиялық ереже бойынша түсіріліп жазылады. Мәселен:лаж‚ лазым‚ лай‚ лайық‚ лақ‚ лаң дегендер ы-дан‚ ләм‚ леген лекер і-ден басталады да‚ өлең жолдарында өз алдына буын құрап тұрады.. Бұл, ол, сол есімдіктері мен ал, бол, кел, қал, қыл, сал етістіктерінің құрамындағы л айтуда, жазуда түсіріліп те қолданыла береді: бұ, о, со, ап, боп, кеп, қапты, кепті.

Р фонемасы тіл ұшының альвеолға тиіп, ауаның қарқынымен дірілдеуінен пайда болады. Бұл фонема сөздің ортасы мен соңында жиі кездеседі. Қазақ тілінде сөз р дыбысынан мүлде басталмаған. Сондықтан да өзге тілдердегі р-дан басталатын сөздердің алдынан дауысты дыбыстарды селбестіріп (протеза жасап) айтқан. Й фонемасын айтқанда тілдің ұшы төменгі күрек тіске, екі шеті бүйір тістерге тиеді де, ортасы жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың түйіскен тұсына қарай көтеріледі. Қазіргі қазақ тілінде й-дан басталатын сөз жоқ. Тек орыс тілінен келген йод, йог, якорь, яхта, йемен, юмор, юрист, ювелир сияқты сөздердің басында ұшырайды. Орфографиялық, сөздікте: я (шыл), яғни (шыл), яки (шыл), япыр-ай дейтін сөздер бар. Оқулықтар я = йа деп үйретеді. Олай болса, әлгі сөздеріміз: йа, йағни, йаки, йапыр-ай болып шығады. Бұлай десек, сөз й-дан басталмайды дейтін қағидаға қарсы шығамыз. Ал біздің мына сөздеріміз, дұрысы: ыйа//ійә (иә), ыйағыный, ійәкій, ыйапыр-ай. Й дыбысы сөз ішінде тек дауысты дыбыстардан соң ғана тұра алады‚ дауыссыздан соң тұруы мүмкін емес. Бұл да болса‚ оның дыбысталу ерекшелігін аңғартады.

У – қос ерін‚ ызың‚ үнді дауыссыз. У-дың еріндік күші тіпті еріндік дауыстылардан да басым. Сондықтан да ол өзінен кейін ы‚ і‚ е сияқты езуліктерді айтқыздырмайды: ауұл (ауыл)‚ дауұс‚ дәуұр‚ әуө‚ әуөз‚ дәурөн‚ сәулө. Алайда тілдің осы заңдылығын ескермей жазып‚ айтудың салдарынан ы‚ і‚ е дыбыстары туралы ұғым қалыптасты. У дауыссызы да й сияқты сөз басында мүлде қолданылмайды. У да й сияқты тек дауыстыдан соң ғана тұрады‚ дауыссыздан кейін әсте тұра алмайды. Қазақ алфавитінде дауыссыз у-дың арнайы таңбасы да жоқ‚ сол дауысты у-мен тұтасып‚ кіндігі бірігіп жүр. Тау дегендегі у “дауысты” болып кететіні де содан. Оның үстіне бұлардың жасалу‚ айтылуы да жуық. Тек дауыссыз й‚ у буын құрай алмайды‚ сөзді бастай алмайды‚ дауыссыздардан соң тұра алмайды.

Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесін анықтау бір жағынан жеңіл, екінші жағынан қиын.Біздің дыбыстар үндестігі деп жүргеніміз-саралап, сабақтаудың, байланыстырудың нәтижесі ғана.Ол бойынша, қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар, ұяңдардан соң тек қана ұяңдар, үнділер ғана тұра алады.Қазіргі тілімізде сан ғасырлар бойы дамудың нәтижесінде қалыптасқан табиғи дыбыс тіркесімен қатар, кірме сөздерде ғана кездесетін, жалпы заңдылыққа қайшы келмейтін тіркестер бар.Мәселен, ғд (бағдар, жағдай, тағдыр) тіркесі байырғы сөздердің түбірінде де, түбір мен қосымша аралығында да ұшырамайды.Тек сөздердің аралығында ғана айтылады: ағдала-ақ дала, бағдәулет-бақ-дәулет, ағдауыл-ақ дауыл.

Дәл осындай ұяңдар тіркесі ғб екі-ақ сөзде ұшырайды: бағбан, қағба.

Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесін үш түрлі позицияда қарастыру керек:

1.Түбір деңгейінде

2.Түбір мен қосымша жігінде

3.Сөз бен сөздің аралығында.ш

Кез келген дыбыстың тіркесу мүмкіндігін үш позицияда мынадай үлгіде қарастыруға болады:

Ққ: 1. Жоқ

2.тараққа, таққан, соққы

3.аққар, аққайың, аққұс

Қк:1.жок

2.жоқ

3.ақкөңіл, ақкөйлек, ақкелін

Қс:1.жақсы, тақсыр, бақсы

2.бақсын, жақса, жақсын

3.ақсандық, ақсауық, ақсаусақ

Қазіргі тілде түбір ішінде екі дауыссыздың тіркес құрап, қатар тұруы үйреншікті құбылыс.Олардың пайда болу жолдары: алдымен, туынды түбірлердің, көбірек кірме сөздердің есебінен болса, жазудың да «шарапатын» жоққа шығаруға болмайды.

Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.

Дыбыстың өмір сүру ортасы-буын.Яғни дыбыстың тыныс-тіршілігі- буын және буын аралығы.Дыбыстар тіркесінің бастауы да, тірегі де буын.Сондықтан дыбыстар тірксін буынды танудан, буынның дыбыстық құрамын айқындаудан бастамаса болмайды.Қазақ тіліндегі байырғы буындарда дыбыстардың тіркесі реті мынадай: А2, АҚ3, АҚҚ4, ҚА5, ҚАҚ6, ҚАҚҚ.

Жалаң дауысты өз алдына дыбыс тіркесін құрай алмайды.Алайда олардың әрқайсысы буын бола алады.Дауысты 9 дыбыс мінсіз емес:біріншіден, олар дыбыстың атын, екіншіден, сол дыбыстың таңбасын білдіріп, зат есім болса, үшіншіден, а, ә, е, о одағай сөздер түрінде танылады.Яғни, А-9.

Дауысты дыбыстардың … қатарынан келуі айтуға оңтайсыз болып, сөздің әезділігін кемітеді.Айтқанда сары үй демей, сарүй дейді.Торы айғыр,бала екен, баласы екен демей, торайғыр, балекен,баласекен дейді.Бұдан шығатын қорытынды: қазақ тілінде дауыстылар араға дауыссыз дыбыстар салмай, өзара тікелей тіркесе алмайды.

Дауыстылардың өзара тіркесі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1.Жуан дауыстылар жуанмен, жіңішке дауыстылар жіңішке дауыстылармен ғана тіркеседі,

2.езулік дауыстылардан соң дауыссыз у-дың көмегінсіз еріндіктер жеке дара тұрмайды,

3.жіңішке еріндіктерден соң жіңішке, қысаң езуліктер кездеспейді.

10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.

Дыбыстың өмір сүру ортасы – буын. Яғни дыбыстың тыныс-тіршілігі‚ бар болмысымен көрінетін‚ танылатын жері – буын және буындар аралығы (жігі). Дыбыстар тіркесінің бастауы да‚ тірегі де буын. Сондықтан дыбыстар тіркесін буынды танудан‚ буынның дыбыстық құрамын

айқындаудан бастамай болмайды. Қазақ тіліндегі байырғы буындарда дыбыстардың (дауысты – А‚ дауыссыз – Қ) тіркесу реті мынадай болып келеді: 1. А 2. АҚ 3. АҚҚ 4. ҚА 5. ҚАҚ 6. ҚАҚҚ. Жалаң дауысты өз алдына дыбыс тіркесін құрай алмайды. Алайда олардың әрқайсысы буын

бола алады. Ал буын сөйлеудің ең кішкене элементі ретінде зор қызмет атқарады. Буында мағына болса‚ сөзге сәйкес келеді. Дұрысы‚ буында мағына болуы міндетті емес. Қазақ түбірлері негізінен бір буынды болып келеді де‚ мағыналы сөз ретінде қабылданады. Дауысты 9 дыбыс та мәнсіз емес: біріншіден‚ олар дыбыстың атын‚ екіншіден, сол дыбыстың

таңбасын білдіріп зат есім болса‚ үшіншіден‚ а‚ ә‚ е‚ о одағай сөздер түрінде танылады. Олай болса тіліміздегі дауыстылар 9 буын – 9 сөз түрінде танылуға тиіс. Яғни А = 9. “Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың қатарынан бір сөздің ішінде келуі тіпті болмайды.” Бұл – заңдылық. Осыны ескермей мектеп табалдырығынан енді аттаған балаға аюы‚ оюы сияқты

сөздер таза дауыстардан тұрады деп үйрететініміз бар. “Дауысты дыбыстардың… қатарынан келуі айтуға оңтайсыз болып‚ сөздің әуезділігін кемітеді…” Айтқанда “сары үй” демей‚ “сарүй” дейді. “Торы айғыр” демей‚ “торайғыр” дейді.

“Құса игі еді” деген сөздерді “Құсегеді” етіп айтады. “Баласы екен” яки “бала екен” деп дыбыстарын түгелдемей-ақ “баласекен”‚ “балекен” дейді (Cонда). Бұдан шығатын қорытынды: қазақ тілінде дауыстылар араға дауыссыз дыбыстар салмай‚ өзара тікелей тіркесе алмайды. Рас‚ кейде өлеңнің буын саны үшін сөз бен сөздің арасында қатар келген дауыстыларды түсірмей‚ сақтап айту керек болады. Абайды аңдап көрейік:

Өлсе өлер /табиғат/ адам өлмес. (Абай)

Жаман тату/қазады/өзіңе ор.

Күндіз күлкің/ бұзылды/ түнде ұйқың

Иек қағып/еліріп/ жүрсе әсем.

Қазақтың/өзге жұрттан/сөзі ұзын.

Осында бір бунақта қатар айтылатын: өлсе өлер‚ өзіңе ор‚ түнде ұйқың‚ жүрсе әсем‚ сөзі ұзын сияқты сөздердің арасындағы дауыстылар сақталып айтылмасқа лажы жоқ. Бірақ олар дауыстылар тіркесі бола алмайды.

Олай болса‚ дауыстылардың тіркесі буындардың тізбегі (тіркесі) болып шығады да‚ буындар үндесі (тіл‚ ерін қызметіне қатысты) өз алдына қарастырылады. Дегенмен көрші буындардағы дауыстылардың сап түзеуінде қалыптасқан тәртіп‚ жүйе болады. Қазақ сөзіне тән ондай жүйе‚ заңдылықты екі буынның қатар келуі тұрғысында қараса да

жеткілікті. Сонда: 1. Бас (бірінші) буында а дыбысы келсе‚ келесі буында:

а) негізінен а‚ ы жеке-жеке не аралас-құралас қолданылады: ала‚ бала‚ айтқан‚ ақын‚ ақыл‚ балаларымыз;

ә) ұ дыбысы дауыссыз у-мен қосақтасып‚ ұу‚ уұ түрде ұшырайды: алұу‚ қарұу‚ арұу‚ ауұл‚ ауұз‚ бауұр‚ дауұл‚ қауұн‚ жауұ‚ жауұ‚ тауұ‚ бауұ‚ ауұ‚ сауұқ; б) ұ (кірме сөздерде): мақұл‚ бақұл‚ мазмұн‚ мақрұм‚ мақлұқ‚ нақұрыс‚ абұрой (абырой).

2. ә дыбысынан соң: а) негізінен е‚ і: әбден‚ әдеп‚ әкім‚ әлек‚ әні‚ әбігер‚ бәле‚ бәлі‚ шәкірт‚ әріп; ә) ә: әзәзіл‚ мәрмәр‚ мәмпәси‚ нәмәрт‚ зәмзәм‚ тәбәрік‚ тәнәпіс (кіт.); б) уү: сәуүр‚ тәуүр‚ әуүт‚ әуүр б) (кірме сөздерде): мәжбүр‚ мәңгүрт‚ әңгүдік‚ мәулүт‚ әулүк‚ сәкүн‚ кәуүр г) Әбүу.

3. е-ден соң: а) негізінен е‚ і: бекер‚ екі‚келсе‚ егер‚ ене‚ ерік‚ серік‚ берік‚ шеке; ә) үу‚ уү: ерүу‚ берүу‚ жерүу‚ кесүу‚ тесүу‚ теуүп‚ сеуүп‚ деуү‚ жеуү‚ кеуүл (өс).

4. о-дан соң ұ‚ а: оқұ‚ осұ‚ ойұн‚ отұр‚ отан‚ обұр‚ соқұр‚ шотұр‚ ора‚ орақ‚ қора‚ қосақ‚ қонақ‚ қойан‚ торұ‚ оран‚ ошақ‚ обал.

5. ө-ден соң ө‚ ү: өлөң‚ өзөн‚ өкпө‚ бөкөн‚ бөлөк‚ жөкөн‚ сөрө‚ төрө‚ өзү‚ мөлдүр‚ көзү‚ бөлүк‚ көлүк‚ көрүк‚ төзүм‚ өрүк.

6. ұ-дан соң ұ және а: бұрұн‚ мұрұн‚ құлұн‚ ұзұн‚ ұғұм‚ құйұн‚ құлақ‚ құрақ‚ сұрақ‚ ұзақ‚ тұзақ‚ шұжұқ‚ шұрай.

7. ү-ден соң а) ү, ө: бүкүл‚ бүлүк‚ жүрөк‚ жүзүк‚ күлкү‚ күлшө‚ мүлүк‚ мүлдө‚ сүйөк‚ сүлүк‚ түлкү‚ түйө‚ түрүк.‚ түтүк‚ шүйкө.

ә) ә (кірме сөзде) күуә‚ күнә‚ іңкәр‚ жүбә‚ үуәде‚ үуәлі‚ мүсәпір‚ дүдәмал‚ күмән.

8. ы – дан соң: а) ы және а: күмән‚ быйыл‚ былық‚ жыбыр‚ жыра‚ жырақ‚ зыйан‚ қыран‚ қылық‚ қызық‚ қылау‚ қызар‚ сызық‚ сызат;

ә) ұу: сызұу‚ қызұу‚ қырұу‚ жырұу‚ тыйұу‚ сыйұу‚ сығұу‚ шығұу‚ сынұу‚ қырұу‚ ызұу.

9. і-ден соң: а) і‚ е: ішік‚ білім‚ бійік‚ жійі‚ жібек‚ білек‚ кілем‚ кісен‚ кійім‚ міндет‚ міне‚ сіңір‚ сімір‚ тілек‚ тірек‚ іре‚ ійе‚ ішік;

ә) үу: ілүу‚ білүу‚ бітүу‚ кірүу‚ сіңүу‚ шірүу‚ ірүу‚ ісүу‚ ішүу.

б) ә: сірә‚ тіпә‚ іңгә‚ ірә‚ ілдә‚ пірәдар‚ мінәйі‚ кісәпір‚ ійә (ия)‚ ійәкій (яки).

Дауыстылардың өзара тіркесі мынадай қорытынды жасауға м‰мкіндік береді. 1) Жуан дауыстылар жуан дауыстылармен‚ жіңішке дауыстылар тек жіңішке дауыстылармен ғана тіркеседі. Жуан-жіңішке жіңішке-жуан тіркестер – жазудың жемісі; 2) езулік дауыстылардан соң дауыссыз у-дың көмегінсіз еріндіктер жеке-дара тұрмайды. Тек кірме сөздерде ғана кездесуі мүмкін; 3) жіңішке еріндіктерден соң жіңішке‚ қысаң езуліктер әсте тіркеспейді.

11.Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.

Жасалымы‚ айтылымы және басқа белгі-қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен

дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым-белгі‚ ерекшеліктер мынадай болып келеді.

1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да‚ салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар‚ керісінше‚ салдырдан жасалады. Тон қатысуы да‚ қатыспауы да мүмкін.

2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз‚ қарқынсыз шығады да‚ дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен‚ а дегенде дауыс шымылдығы дірлдейді‚ тіл артқа тартылады‚ жақ (ауыз) кең ашылып‚ ерін екі жаққа қарай керіліп (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда‚ ауа кедергіге ұшырап‚ қарқынды шығады да‚ бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен‚ п дыбысын айтқанда‚ екі ерін‚ тіл қатысады. 3. Дауыстылар буын құрайды‚ дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды жіктеудегі басты айырым-белгі. 4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды. 5. Дауыстылар дауыстап‚ айқайлап созып айтуға келеді. Ән (вокаль) дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.

6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат‚ ет‚ от‚ өт

сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылды. Орыс тілінде керісінше‚ дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады. Қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі. 1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай: а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а‚ о‚ ұ‚ ы‚ у;

ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә‚ е‚ ө‚ ү‚ і‚ и; Жуан дауыстыларды айтқанда‚ жіңішкелермен салыстырғанда‚ тіл сәл артқа қарай тартылады (арты көтеріліңкірейді)‚ жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін айнаға қарап дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә‚ о//ө‚ ұ//ү‚ ы//і) қатар айтып

көруге болады. Е фонемасы да а-ның жіңішке сыңары болып табылады‚ яғни а//ә/е.

Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше‚ тіліміздегі ең күшті заң – үндестікті (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан‚ не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

Байырғы сөздерімізді айтқанда (а-на-ла-ры-мыз-дың‚ ә-же-ле-рі-міз-дің) тіліміз бір-ақ қимыл жасап‚ бір қалыпта тұратын болса‚ ма-те-ма-ти-ка сөзін айту үшін ілгері-кейін бес қозғалыс жасауға мәжбүр. Тіліміздің бітім ерекшелігін осыдан-ақ түсінсек керек.

2. Еріннің қатысына қарай:

а) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о‚ ө‚ ұ‚ ү‚ у;

ә) Езулік дауыстылар: а‚ ә‚ ы‚ і‚ е‚ и.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп‚ сүйірленеді де‚ езуліктерді айтқанда‚ үерін бейтарап қалыпта тұрады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы үндестікті (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.

Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке‚ еріндік не езулік болып келуі тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.

3. Жақтың қатысына қарай:

а) ашық дауыстылар: а‚ ә;

ә) жартылай ашық дауыстылар: о‚ ө‚ е;

б) қысаң дауыстылар: ұ‚ ү‚ ы‚ і‚ и‚ у;

Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де‚ қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.

Дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны

– 25, кейде 26. Фонетиканың бас оқулығы: “Қазіргі қазақ тілінде мынандай 25

дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң” дейді де,

бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Дұрысы, щ – дыбыс емес, әріп. Ол

созылыңқы ш (немесе қос ш) дыбысының таңбасы, транскрипцияда оны ш:

түрінде таңбалайтыны айтылды. Қазақ тілінде щ әрпі тек ащы, тұщы, кеще

сөздерінде жазылатыны белгілі. Дұрысы, қазақ тілінде қос ш түбір мен

қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: ашшы, кешші, ішші, ұшшы,

башшы (басшы), ашшы (асшы), жашша (жазша), ташша (тазша), қышша

(қызша), Қошшан (Қосжан), Дошшан (Досжан), ашша (ашса), кешше (кешсе),

ташша (түсші), тұшшұ (тұзшы), бішше (бізше) т. б. Жоғарыдағы үш сөздің щ-мен жазылатыны, шамасы, түбір мен қосымшаға ажырамайтындығынан болса керек.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер (лат. сопsоnans –

дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бірізге

түсіп болған жоқ. Жоғарыда дыбыс, фонема туралы түсініктен бір ғана т-ның төрт

түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік (ат). жіңішке езулік

(ет), жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай қасиет у-дан басқа

дауыссыздардың бәрінде де бар. Ал у тек жуан еріндік (у) және жіңішке еріндік (у)

түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә. Жүнісбековтің айтуынша, “қазақ

тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингармотиптен немесе 66

сингармодауыссыздан құралады”1 Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес

дауыссыз бар деген сөз. Олар: б, ғ‚ г, д, ж, з, й, қ-к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.

Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф, х, һ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ

болатыны, бұлар – жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны сонау Н. Ильминскийден кешегі

40 жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Рас, кей текстер мен сөздіктерде қ, г

алынбай, к, г-мен берілетін жағдайы кездеседі. Сондай-ақ, й, у (кейде р, л)

дыбыстарын кезінде А.Байтұрсынов, X.Досмұхаметұлы және басқалар жарты

дауысты түрде танығаны белгілі.

12.Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуідегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.

Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса‚ онда оған жалғанатын қосымша тек

дауыссыздардан басталады делінеді.Алайда кейбір оқулықтар мен ереже‚ зерттеулерде осы аксиомаға қайшы‚ жаңсақпікірлер де кездеседі.

Олар:а) бу‚ су‚ ту‚ ми‚ ине‚ биле‚ у‚ жуан‚ уық сөздерінің у‚ и əріптерін дауысты дыбыстар

деп қарау. Бұлай болғанда бу-ы‚ бу-ын‚ бу-ады‚ бу-ар болып‚ дауыстылар (уы‚ уа) түрінде

қатар тұрар еді. Тағы қайталап айту керек болады‚ жеке сөз тұрмақ‚ сөз бен сөздің

аралығында да қатар келген дауыстылардың бірі айтылмайды. Ал біріккен сөздерді

Молдаахмет‚ Қандыағаш‚ Сарыағаш‚ Сарыөзек‚ қалааралық‚ өліара түрінде жазу –

орфографияның ісі.ə) “ы‚ і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың у жұрнағы жалғанғанда ы‚ ідыбыстары түсіріліп жазылады” (“Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері”).

Əрине‚ əңгіме əріптер туралы болса‚ бұл қағидаға келісуге де болар еді. Тұйық

етістіктің -у жұрнағы дыбыс емес‚ əріп. Оның дыбыстық бейнесі -ұу‚ -үу‚ -у (тау дегенде).Мысалы: барұу‚ келүу‚ ойла-у.Ал соңында ы‚ і əріптері бар сөздерді де екіге бөліп қарау керек.

Бірінші: аңқы‚ апшы‚ ары‚ байы‚ балқы‚ бекі‚ дары‚ ері‚ есті‚ жары‚ жасы‚ зекі‚

кеңі‚ қасы‚ қышы‚ мыжы‚ саңғы‚ сарсы‚ сасы‚ серпі‚ сырғы‚ тайқы‚ таны‚ тасы‚ телі‚

шарпы т.б.Екінші: божы‚ босы‚ жоры‚ жосы‚ жүнжі‚ қоры‚ құры‚ мүжі‚ мүлгі‚ нұқы‚ оқы‚

өксі‚ сусы‚ суы‚ тоқы‚ торы‚ ұлы‚ үсі‚ шоқы‚ шұқы‚ шошы‚ шөкі т.б. Сонда бұлардың

біріншілерінің соңында тұрған ы‚ і дауысты дыбыстар да‚ екіншілерінің соңындағылар

(ы‚ і) əріптер‚ ұ‚ ү дыбыстарының жазудағы таңбасы. Бұл екі топқа да тұйық етістіктің

жұрнағы жалаң үнді у дыбысы түрінде жалғанады. Сонда, дұрысы, бұлардың

біріншілерінің соңындағы ы, і қысаңдары қос ерін у дауыссызының алдында ұ, ү

еріндіктеріне айналады: аңқы-у – аңқұу (жазылуы – аңқу), апшы-у – апшұу (апшу), бекүу

(беку), телүу (телу). Ал екінші топтағы етістіктерде, дыбыс тұрғысынан қарағанда,

ешқандай да түсу, алмасу болмайды: оқұ-ұ (оқу), жорұ-у (жору), мүжү-у (мүжу), үсү-у

(үсу).Алдыңғы морфеманың (сөздің) соңындағы дауыстылармен көрші тұрып айтыла

алатын дауыссыздар мыналар:а) Үнді дауыссыздар. Əсіресе л, м, н, ң үнділерден жалғаулар да, жұрнақтар дабасталады жəне олар дауыстылардан кейін еркін тұра береді: қала-лар, қала-мыз, қала-ңыз, қаланы, терезе-лер, терезе-міз, терезе-ңіз, терезе-ні, ойла-н, ал-ма.

Ал р, й, у үнділерінен тек жұрнақтар ғана басталады: ала-й, ала-р, қара-у, қара-й,

жақсы-рақ, əдемірек. Үнді дауыссыздар дауыстылармен еркін қатар тұрып айтыла береді

жəне ешқандай алмасуға ұшырамайды. Бұл қасиет олардың құрамында салдырдан гөрі

дауыстың (тонның) басым болуымен байланысты.ə) Ұяңдардан тек г, ғ, д дыбыстарынан басталатын қосымшалар ғана дауыстылардан кейін тұра алады: терезе-ге, терезе-де, жылқы-ға, жылқы-да, жара-дар, қара-ған, де-ген,қала-ды, де-ді. Ал сөз басында ұяңдар дауыстылардан кейін айтыла береді: қара белбеу,қара вагон, сары гүл, қара дауыл, сары жылан, жаңа заң.

б) Əдетте дауыстыға біткен сөздерге қатаң дауыссыздан басталатын қосымшалар

жалғанбайды делінеді. Алайда с жəне ш қатаңдарынан басталатын қосымшалар бұл заңға

көнбейді, ретіне қарай дауыстымен көрші тұра береді. Олар: – сы, – сі (бала-сы, əже-сі), –

сың, – сің (бала-сың, əже-сің); – сыз, – сіз (бала-сыз, əже-сіз); – с (қара-с, істе-с), – са, – се

(қара-са, де-се), – сын, – сін (дана-сын, кісі-сін); – шы, – ші (жылқы-шы, түйе-ші); – шы,

– ші (қарашы, деші); – ша, – ше (балаша, кісі-ше); – ш (сəуле-ш, Айна-ш), – шық, – шік

(қала-шық‚ төбе-шік).Сондай-ақ т қатаңынан басталатын бірер қосымша кездеседі: – т (ойна-т, тіле-т), – тай(əже-тай, əке-тай).Қатаң с жəне ш дауыссыздарынан басталатын қосымшаларды ерме қосымшалардейміз. Өйткені бұлар алдыңғы морфеманың соңғы дыбысын талғамай ере береді. Олайболатыны‚ бұлар əсте ұяңданбайды.Соңы дауыстыға біткен сөздерге басқы дыбысы қатаңдардан басталатын қосымшаларжалғанбайды дейтін қағида ең алдымен қатаң қ, к, п дыбыстарына негізделеді. Шынындада‚ морфемалар жігінде қ, к фонемалары дауыстылармен қатар тұра алмайды, тұрақалғанның өзінде (сөз бен сөздің аралығында) айтуда міндетті түрде ұяңдайды: қарағой(қара қой), алағарға (ала қарға), балагезде (бала кезде), жаңагелді (жаңа келді), сондай-ақағешкі (ақ ешкі), тарағы (тарақ-ы), шелегі (шелек-і). Ал п қатаңының бұлардан біререкшелігі кейінгі сөздің басында ұяңданбай айтыла береді; “бір пайда – пайда, екі пайдақайда” (мақал); қара пышақ, өте пысық, қара піл. Дегенмен: к, қ қатаңдарының да бірер

кірме морфеманың басында дауыстылардың ықпалына илікпейтін кездері бар: күнə-кар,

айла-кер, арба-кеш, түйе-кеш, кіре-кеш, пайдакүнем, бəле-қор, дүние-қор, жала-қор.

Сондай-ақ Алмакүл, Айнакүл, Балакүл, Зəйкүл, Жұмакүл, Қынакүл, Тəттікүл сияқты

біріккен түбір есімдердің екінші сыңарындағы күл (гүл) сөзі де ұяңданбай айтылады. Рас,



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | Вперед → | Последняя | Весь текст


See also: